Астаналық компаниялар Шанхайда өтіп жатқан CIIE 2026 Халықаралық көрмесінде елорда атынан өнімдерін таныстыруда

    2026 жылғы 5–10 қараша аралығында Шанхайда Қытай Халықаралық импорт көрмесі (China International Import Expo – CIIE 2026) өтуде.
    Көрмедегі Қазақстанның ұлттық павильонында тамақ өнеркәсібі және агроөнеркәсіптік кешен салаларында жұмыс істейтін отандық 40 компанияның өнімі ұсынылған.
    Астананың атынан шараға елордалық екі компания – «JFood Kazakhstan» ЖШС және «Forso» ЖШС қатысуда.
    Экспозицияда кондитерлік өнімдер, ұн тарту, сүт және май өнімдері, бал, сусындар мен отандық өндірістің өзге де тауарлары таныстырылған.
    Қазақстанның ұлттық павильоны «Food & Agricultural Products» («Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері») мамандандырылған көрме аймағында орналасқан.
    Елордалық кәсіпорындардың халықаралық көрмеге қатысуы Астана өндірушілерінің өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және экспорттық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары