Павлодар облысы білім беру басқармасының «Железин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
Павлодар облысы, Железин ауданы, Озёрный негізгі жалпы білім беру мектебінің оқушылары Астана қаласында өткен «Зерде» олимпиадасы аясындағы «Жылдың үздік дарынды оқушысы» форумына қазақ тілі пәні бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сабырбек Даяна – 7-сынып оқушысы, I орын; Аманжолов Асхат – 4-сынып оқушысы, III орын; Төрехан Нұрай – 6-сынып оқушысы, III орын. Жас дарындарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ұстаздарының үмітін ақтап, білім додаларында ауданымыздың абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








