Железин балалар өнер мектебінің шығармашылық ұжымы тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді! 7 қараша күні Павлодар қаласында өткен «CREATIVE KZ» республикалық көпжанрлы өнер байқауында «Көркем би» ансамблі өз өнерлерін жоғары деңгейде паш етіп, қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленді. Көркем қимыл, үйлесімділік пен сахналық шеберлікті ұштастырған бишілеріміз байқау қорытындысы бойынша ең жоғары марапат – Гран-при жүлдесін жеңіп алды! Сонымен қатар, ансамбль Түркия еліне жолдамаға ие болып, үлкен мүмкіндікке қол жеткізді. Бұл – өнерпаздардың табанды еңбегі мен жетекшілерінің кәсіби шеберлігінің жемісі. Жетекшісі: Мамелина Маржан Сатыпалдықызы Өнерлеріңіз өрге жүзіп, жеңістеріңіз жалғасын таба берсін! Жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









