Қосшы қаласында прокуратура органдарының 35 жылдығына орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді

    Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 35 жылдығына орай Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала аумағын көгалдандыру және ағаш отырғызу іс-шаралары өткізілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, жасыл желектердің санын арттыру, қала аумағын абаттандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

    Акция барысында қатысушылар қала аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізді.

    Бұл бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға және қоғамдық маңызы бар игі бастамаларды кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары