Петропавлда кабель зауытының алғашқы цехы ашылды

    1 / 4

    Жобаны ресейлік инвестор жүзеге асыруда. Кәсіпорында құрылыс, энергетика, өнеркәсіп және инфрақұрылым нысандарына арналған кабельдік-сым өнімдері өндіріледі. Дайын өнімді Қазақстанның барлық өңіріне жеткізу жоспарланып отыр.

    Өндірістің басты ерекшелігі – барлық технологиялық үдерістің бір жерде жүзеге асырылуы. Кабель өндіру үшін қазақстандық мыс пайдаланылады. Шикізатты өңдеуден бастап, дайын өнімді электрлік сынақтан өткізуге дейінгі барлық технологиялық кезең зауыт аумағында жүзеге асырылады.

    Қазіргі уақытта кәсіпорында Петропавл қаласының тұрғындары жұмыс істейді. Айта кетейік, компанияның Екатеринбург қаласында өз оқу орталығы бар. Онда мамандар орта-арнайы білім ала алады.

    Қазір өндіріс бір ауысыммен жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында ауысым санын төртке дейін арттыру жоспарланған. Сонымен қатар, 2027 жылы зауыттың тағы бір цехы іске қосылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Петропавл қаласының әкімдігі" жаңалықтары