Ғасырлық мерейтой: қала әкімі 100 жастағы тыл еңбеккерін құттықтады

    1 / 2

    Қала әкімі тыл еңбеккері Черепанова Лидия Яковлевнаны 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ұлы Отан соғысы жылдары ол Петропавл элеваторында лаборант болып жұмыс істеді. 1945 жылдан бастап Куйбышев атындағы зауытта конструктор, аға инженер-өнертапқыш болды. Одан кейін зейнетке шыққанға дейін 24 жыл бойы Ленин атындағы зауытта инженер-конструктор болып еңбек етті. Қала басшысы мерейтой иесіне мықты денсаулық, жақындарының жылуы мен қамқорлығын тіледі.

    «Лидия Яковлевна жаны жарқын, рухы мықты жан. Еңбекқор және өте мейірімді адам. Баршамызға үлгі боларлық тұлға», - деді Серік Мұхамедиев.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Петропавл қаласының әкімдігі" жаңалықтары