1 / 2
Бүгін облыс орталығының бас алаңында RWS Wagon компаниясы қалаға сыйға тартқан жаңа сахна таныстырылды. Бұл қала тұрғындары үшін мәдени іс-шараларды жаңа деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.
Сахна заманауи дыбыс және жарық құрылғыларымен, сондай-ақ үш LED-экранмен жабдықталған. Сахна табысталғаннан кейін жабдықтардың жұмысы тексеріліп, әртістер өнер көрсетті.
Қаланың дамуына үлес қосып, осындай игі бастама көтерген RWS Wagon компаниясына алғыс білдіреміз. Жаңа сахна қаламыздағы жарқын сәттер мен қызықты іс-шаралардың ортасына айналсын!







