1 / 6
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев облыстық маңызы бар КХ55 «Жылға–Әлімтау» бағытындағы автомобиль жолында орналасқан өткел көпірінің аяқталған жұмыстарымен танысты.
Айта кетейік, аталған көпір көктем айларында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан шайылып, бұзылған болатын.Осыған байланысты ескі көпірдің орнына су өткізу қабілеті жоғары, көлемі жағынан үлкен жаңа көпір салынды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, көпір пайдалануға берілді.
Аудан әкімі атқарылған жұмыстардың сапасына назар аударып, жауапты сала басшыларына жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен сапасын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Жаңа көпірдің пайдалануға берілуі тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасап, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





