1 / 8
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуді аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі міндеттер мен басым бағыттардан бастап, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және елді мекендерді көркейту мәселелеріне назар аударды.
Қызылжар ауылдық округке қарасты елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. 2026 жылдың 9 айында ауылдық округ бюджетінің шығыстары толық игерілді. Округ тұрғындарын әлеуметтік қолдау мақсатында 49 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, округ аумағындағы ағын су жүйелерінің 28,9 шақырымы механикалық тазалаудан өткізілді. Қызылжар елді мекеніндегі «Жастар» және «Ә.Молдағұлова» көшелеріне орташа жөндеу және «Тойбек ата» көшесінің бойында су ағар науаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Облыс көлемінде өткізілген «Үлгілі ауыл» байқауында жеңімпаз атанған Қызылжар ауылдық округінде жаңа спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.Жаскешу елді мекенінде «Ынтымақ» және «Серікбай ата» көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары және «Бәйтерек» көшесінде балалар ойын алаңшасының құрылыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін пайдалануға берілуі жоспарлануда. Бұдан бөлек, шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы жерлеріне қатынауын жеңілдету мақсатында Шеңгелді каналының үстінен өтетін көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Кездесу соңында ауыл ақсақалы аудан әкіміне батасын беріп, ауылдық округ тұрғындары атынан жасалынып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді.
Кездесуден кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген мәселелер бойынша заң аясында түсіндірме беріп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









