ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметке кандидаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

    ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметке кандидаттарды қабылдайды

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери оқу орындарына түсу, 6 айлық даярлық курстарынан өту, сондай-ақ келісімшарт бойынша және запастағы офицер ретінде әскери қызмет атқару үшін кандидаттарды іріктеуді жүргізуде.

    Кандидаттар әскери білімді ҚР ҰҚК Шекара академиясында, сондай-ақ Ресей мен Түркияның бірқатар әскери оқу орындарында ала алады. Оқу аяқталғаннан кейін курсанттарға «лейтенант» әскери атағы беріледі және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелерінде қызметін жалғастыру мүмкіндігі қарастырылады.

    Сонымен қатар Шекара академиясында 6 айлық даярлық курстары ұйымдастырылған. Оқыту шекаралық бақылау, тәрбие және идеологиялық жұмыс, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, байланыс және ақпараттандыру бағыттары бойынша жүргізіледі.

    Аталған курстарға жасы 30-ға дейінгі, жоғары білімі және әскери билеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады.

    Запастағы офицерлер үшін әскери қызметке шақырылу немесе келісімшарт негізінде қызметке орналасу мүмкіндігі қарастырылған. Шекара қызметіне медицина, IT және байланыс, ветеринария, психология, журналистика, қаржы, құқық салаларының, сондай-ақ техникалық, теңіз және тылдық қамтамасыз ету бағыттарының мамандары қажет.

    Келісімшарт бойынша әскери қызметке 18 бен 34 жас аралығындағы азаматтар қабылданады. Әскери қызметшілер шекара заставалары мен өткізу пункттерінде, Жағалау күзетінің кемелері мен катерлерінде, сондай-ақ инженерлік бөлімшелерде қызмет атқара алады.

    Кандидаттар медициналық тексеруден, дене шынықтыру дайындығы, кәсіби және психологиялық жарамдылық бойынша іріктеуден өтеді. Сонымен қатар арнайы тексеру жүргізіледі.

    Әскери қызметшілерге ақшалай үлес, қызметтік тұрғын үй немесе тұрғын үй төлемдері, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, киім-кешекпен қамтамасыз ету және тегін медициналық қызмет көрсету қарастырылған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары