1 / 5
Елді мекеннің ішкі аумағында абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, қоғамдық орындар мен оларға іргелес аумақтар тазартылып, ауыл аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, бұлаққа апаратын жолға қиыршық тас төсеу және тегістеу жұмыстары жүргізіліп, көліктердің ыңғайлы әрі кедергісіз қатынауына жағдай жасалды. Бұдан бөлек, бұлақтың аумағын абаттандыру және тиісті санитарлық жағдайға келтіру жұмыстары орындалды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









