Құқық кабинеттері

    Құқық кабинеттері

    Құрметті Ақмола облысы, Сандықтау ауданы,

    Сандықтау ауылдық округінің тұрғындары!

    Ақмола облысының Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылдық округінің азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады.

    «Құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.

    «Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.

    Құрметті азаматтар Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылдық округінің құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Сандықтау ауылы, Орталық көшесі 34, мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары