Алматының Түрксіб ауданында тағы бір қоғамдық кеңістік көркейтілді. Александров көшесінің Сейфуллин даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейінгі бөлігінде жүргіншілер мен серуендеуге арналған аймақты көркейту жұмыстары аяқталды.
Жоба тұрғындарға қала инфрақұрылымын дамыту және қоғамдық аумақтарды көркейту бойынша идея ұсынуға мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Жұмыс барысында жүргіншілер жолдары салынып, асфальт жабыны жаңартылды. Орындықтар, қоқыс жәшіктері және воркаутпен айналысуға арналған спорттық құрылғылар орнатылды. Сондай-ақ сыртқы жарықтандыру жүйесі мен автоматты суару жүйесі іске қосылды.
Көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Аумаққа 5 000 түп бұта егіліп, 10 544 шаршы метр жерге көгал төселді.
Қазіргі уақытта жобаға қатысу үшін өтінімдер қабылдау жалғасуда. Тұрғындар аудан аумағын көркейту және дамыту жөніндегі ұсынысын budget.open-almaty.kz сайты арқылы жолдай алады.
Қала тұрғындарының ұсыныстарының арқасында қоғамдық кеңістіктер біртіндеп жаңарып, серуендеуге, спортпен шұғылдануға және демалуға қолайлы әрі жайлы орындарға айналып келеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









