Омбудсменнің Атырау облысы бойынш өкілі Исатай ауданына іс-сапар аясында Исатай ауданы әкімі Нурым Мусинмен кездесті.
Әңгіме барысында өңір басшысы болып жатқан оң өзгерістерге тоқталып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына аса көңіл бөлінетігін баса айтты.
Адам құқықтары жөніндегі өкіл Амангелді Абдолов кездесу кезінде халықтың әлеуметтік жағдайын, әсіресе осал топтардың тұрмыс-тіршілігін, оларды әлеуметтік қолдау мәселелерін сұрастырып- білісті.
Өз кезегінде аудан әкімі қарттарға, жағдай төмен адамдарға мемлекеттік қолдаумен қатар, барынша демеушілер арқылы да көмек көрсетіліп жүргенін жеткізді. Атап өтсек, сотталып келгендер арасында пробация қызметі жолға қойылған. Оларды еңбекпен қамсыздандырумен бірге, әртүрлі жергілікті жерде ұйымдастырылатын көпшілік мәдени-спорттық шараларға қатыстырылатындығы құптарлық жағдай екен.
Аудан әкімімен кездесуге Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі А.Тулешева, аудан әкімінің орынбасары Р.Мукаханов, Исатай аудандық полиция бөлімі басшысының м.а., полиция майоры Н.Мухамбеткалиев қатысты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









