МЕМОРАНДУМ – ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

    1 / 8

    Ағымдағы жылдың 16 қазанында Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі А.Абдолов Атырау қаласындағы Техникалық және педагогикалық ұйымдар директорларының кеңесі және 10 колледж басшылығымен “Адам құқықтарын қорғау және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолындағы ынтымақтастық туралы” үшжақты меморандумға қол қойды.

    Шараға Атырау облыстық білім басқармасының өкілдері, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі, “Еркіндік рухы” Жастар комиссиясы мүшелері мен С.Мукашев атындағы Атырау политехникалық Жоғары колледждің педагокикалық құрамы мен студенттері қатынасты. .

    Амангелді Абдолов өзінің алғы сөзінде меморандумның маңыздылығын атап, оның мен мән-мақсатына тоқталды.

    Бұл құжат аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған мамандармен ашық кездесулер, пікірталастар өткізу, студент жастардың құқықтық клубтары мен бастамаларын қолдау көзделген. Және осы жұмыстарды биыл сабақ кестесіне енгізілген «Заң мен тәртіп» курсы мен қауіпсіздік сабақтарын өмірлік жағдайлармен байланыстыра өткізу, Интернеттегі алаяқтықтан сақтану, буллингке жол бермеу, еңбек құқықтарын білу қажеттігі аталып өтілді.

    Соныме қатысушыларға Уәкілдің қызметі, өкілдікке адамдардың өз құқықтарын қорғау үшін өтініш беру жолдары туралы айтылды. Өз кезегінде қатысушылар да берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, диалог алаңында бала тәрбиесі, ата-ананың жауапкершілігі, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты алдын алу туралы пікірлерін ортаға салды.

    ❣️ Ресми шараны дайындығы мен ұйымдастыруда көмектескен С.Муқашев атындағы Атырау политехникалық Жоғары колледж ұжымы мен басшысы Б.Шеркешбаева үлкен алғысымызды білдіреміз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі" жаңалықтары