Елшінің Каунас қаласының әкімімен кездесуі туралы

    1 / 3

    Каунас, 2026 жылғы 5 қараша – Қазақстанның Литвадағы Елшісі Тимур Уразаев Каунас қаласының әкімі Висвалдас Матийошайтиспен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалары мен өңіраралық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.

    Елші Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, инвесторларды қолдау шаралары, арнайы экономикалық аймақтарда қызмет жүргізу шарттары және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктері туралы ақпарат берді. Қазақстанның IT-секторын дамытуға, сондай-ақ отандық цифрлық шешімдер мен IT-қызметтерді Литва нарығына ілгерілету перспективаларына ерекше назар аударылды.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Қазақстан халқына Жолдауы аясында Каунастың Литвадағы маңызды көлік-транзиттік торап ретіндегі рөлін және оның жалпыеуропалық нарықтармен байланысын ескере отырып, еліміздің көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғыртуға және логистикалық әлеуетін дамытуға айрықша көңіл бөлінді.

    Қала әкімі Каунасты дамытудың басым жобалары, сондай-ақ Қазақстан қалаларымен ынтымақтастық орнатудың ықтимал бағыттары туралы баяндады.

    Кездесуге сондай-ақ қала әкімінің орынбасарлары, қалалық бизнес пен туризмді дамыту агенттігінің директоры және Қазақстанның Каунастағы Құрметті консулы қатысты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары