«Отандастар қоры» шетелде тұратын этникалық қазақ жастарының бастамалары мен шығармашылық жобаларын қолдауға бағытталған «OQ Startup» халықаралық байқауының басталғанын хабарлайды.
Байқауға 15 пен 30 жас аралығындағы, шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын этникалық қазақ жастары қатыса алады. Ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа, волонтерлік және басқа да шығармашылық және әлеуметтік бағыттардағы жобалар қабылданады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады: бірінші орынға – ноутбук, екінші орынға – планшет, үшінші орынға – смарт-сағат табысталады.
Өтінімдер 2026 жылғы 30 қазанға дейін [email protected] электрондық поштасы арқылы қабылданады. Байқау жұмыстары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін.
Байқау және оған қатысу шарттары туралы толық ақпаратты «Отандастар қорының» ресми сайтынан алуға болады: https://oq.gov.kz.









