Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігі
Құрметті келушілер!
Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Қазақстан – ұлы тарихы және бірігей мәдениеті, сан алуан табиғаты және көркем көріністер елі. Бай рухани мұраның және қарқынды дамып келе жатқан экономиканың симбиозы әр қонаққа Ұлы Дала еліне барудың ұмытылмас тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.
Табиғи байлықтан және қонақжай адамдардан басқа, Қазақстан сенімді саяси және сауда серіктесі ретінде танымал. Уақытылы жүргізілген саяси және экономикалық реформалар Қазақстанға тек аймақтық көшбасшы ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияның экономикалық локомотиві болып табылды.
Қазақстан мен Литваны ұзақ жылдық достық байланыстырады. 1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнағаннан кейін екі республика арасындағы қатынастар тұрақты түрде сенімді дамуда. Экономика, мәдениет және ғылым саласындағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық кеңейе түсті.
Литва Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі екі мемлекет арасындағы қалыптасқан достық қатынастарды қолдауға бағытталған. Біздің сайт сіздерді дамып келе жатқан қазақстан-литва серіктестігі туралы хабардар етеді және сіздердің халықтарыңыздың арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға өз үлестеріңізді қосады деп сенеміз.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Елшісі
Тимур Оразаев
Жаңалықтар
АшуШетелде тұратын этникалық қазақ жастарына арналған «OQ Startup» халықаралық байқауы
АшуЕлші Литваның көлік және коммуникация министрінің орынбасарымен кездесті
АшуВильнюсте Семей ядролық полигонының жабылуының 35 жылдығына арналған фотокөрме ашылды
АшуВильнюсте Абай күні атап өтілді
АшуҚазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын cайлау туралы ақпараттық хабарлама
Ашу