Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Әсіресе, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу, мас күйінде жүру және қоғамдық тәртіпті бұзу деректеріне ерекше назар аударылуда.
Бейнебақылау камералары арқылы Жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық орындарға тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда ақпарат дереу жақын маңдағы полиция жасақтарына жолданып, тиісті шаралар қабылданады.
Заң талаптарын бұзған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Полиция ескертеді: заңмен тыйым салынған қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу, сондай-ақ адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылықты қорлайтын мас күйінде жүру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.
Жетісу облысының Полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және заң талаптарын қатаң ұстануға шақырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









