Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айқындалған міндеттерді түсіндіру мақсатында облыстық халық шығармашылығы орталығында мәдениет саласының өкілдерімен кездесу өтті.

    Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айқындалған міндеттерді түсіндіру мақсатында облыстық халық шығармашылығы орталығында мәдениет саласының өкілдерімен кездесу өтті.

    Жиынға Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов қатысты.
    Кездесуде Жолдауда көтерілген ел дамуының басым бағыттары, азаматтардың өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және қоғам алдындағы ортақ жауапкершілік мәселелері сөз болды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыптарына назар аударылды.
    Қоршаған ортаның тазалығын сақтау мен табиғи байлыққа жанашырлықпен қарау — тек тиісті мекемелердің ғана емес, барша қоғамның міндеті.
    Жиында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Гүлқасима Сүйінтаева да Жолдаудың маңызына тоқталып, мәдениет саласы қызметкерлерінің қоғам өміріндегі рөліне қатысты пікір білдірді.
    — Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі даму бағдарын айқындап берді. Әсіресе, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру жөніндегі міндеттер көңілге сенім ұялатады. Президент көтерген бастамалардың әрқайсысы халықтың күнделікті өмірімен тығыз байланысты деп ойлаймын.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары