«ЖАСТАРҒА КЕҢЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮНГІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шалқар ауданында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көше қылмысының деңгейін төмендету мақсатында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Жастарға кеңес» жобасы бойынша түнгі профилактикалық рейд ұйымдастырылды.
Рейд жұмыстарына Кішіқұм ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы А. Матығұлов, Шалқар ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры А. Исмагулов және Тоғыз жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е. Искаков қатысты.
Профилактикалық шара барысында түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық тәртіпті сақтау, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік және құқықбұзушылықтың салдары жөнінде ескертулер айтылды.
Басты мақсат – жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз ортаны қалыптастыру және жасөспірімдердің заң талаптарын сақтау жауапкершілігін арттыру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









