Жетісу облысы Полиция департаментінде ішкі істер органдарында 34 жылдан астам уақыт қызмет атқарған Анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Данияр Туғанбаевты құрметті еңбек демалысына салтанатты түрде шығарып салды.
Данияр Анапияұлы еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Алматы жоғары ішкі істер мектебін тәмамдағаннан кейін тергеушіден облыстық басқарма басшысына дейінгі кәсіби жолдан өтті.
Қызмет жылдарында бірқатар жауапты лауазымдарды атқарып, тергеу және анықтау бөліністерінің жұмысына елеулі үлес қосты. Өзінің жоғары кәсібилігімен, қағидатшылдығымен және қызметіне деген адалдығымен әріптестерінің құрметіне бөленді.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Жетісу облысы Полиция департаментінің Анықтау басқармасын басқарып, жинақтаған мол тәжірибесін жас қызметкерлерге үйретіп, олардың кәсіби қалыптасуына үлес қосты.
Салтанатты жиын барысында полиция полковнигіне көпжылдық адал еңбегі, антқа беріктігі және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы мінсіз қызметі үшін шынайы алғыс білдірілді.
Полиция сапындағы 34 жылдан астам уақыт – бұл жай ғана еңбек өтілі емес, азаматтардың құқықтарын қорғауға, заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге арналған тұтас ғұмыр.
Жетісу облысы Полиция департаментінің ұжымы Данияр Анапияұлына зор денсаулық, отбасылық амандық, ұзақ ғұмыр және құрметті еңбек демалысында бақытты да баянды өмір тілейді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









