Қарағанды облысында «Сарыарқа» АЭА аумағы ұлғайтылды

    Үкіметтің 2026 жылғы 2 қарашадағы қаулысымен Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының жұмысына қатысты өзгерістер енгізілді. Оның ауданы 1417 гектарға дейін кеңейтілді. АЭА аумағына Қарқаралы ауданы енді және жаңа мақсат - өңірдегі туризмді дамыту және осы саладағы инфрақұрылымды жақсарту қосылды.

    Қарағанды облысында «Сарыарқа» АЭА аумағы ұлғайтылды

    2011 жылы құрылған «Сарыарқа» АЭА өңір экономикасын дамытудың драйверлерінің біріне айналды. Қазір бұл Қарағанды мен Балқаш, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының шегінде орналасқан порттық арнайы экономикалық аймақ. Негізгі базадан басқа, ол төрт қосалқы аймақты қамтиды: Кремний алқабы, Сары-Арқа әуежайы, Қарқалы және Балқаш.

    Қарағанды облысында «Сарыарқа» АЭА аумағы ұлғайтылды

    АЭА-ны кеңейту инвесторларды тарту үшін қосымша мүмкіндіктер береді және жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Жаңа жобаларға дайын инженерлік инфрақұрылымы бар жер телімдері беріледі. АЭА қатысушыларының саны 39-дан 54-ке дейін өседі деп күтілуде.

    Қаулы 2026 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары