Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

    1 / 3

    2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады.

    Осыған байланысты аудан әкімдігінде Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен алға қойылған маңызды міндеттерді талқылауға арналған жиын өтті.

    Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы, сондай-ақ ауданның мекеме және кәсіпорын басшылары қатысты.

    Кездесу барысында Жолдауда көтерілген өзекті мәселелер, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, халықтың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағыттары сөз болды.

    Сонымен қатар, Президент тапсырмаларын сапалы әрі уақытылы орындау, белгіленген міндеттерді аудан көлемінде жүзеге асыру және әр сала бойынша нақты жұмыстарды үйлестіру мәселелеріне назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары