БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 3

    Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы Ерлан Бәкіровтің төрағалығымен қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметін жетілдіруге арналған жұмыс жиыны өтті.

    Жиынға Қызылорда қаласы мен аудандардағы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары, облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының өкілдері қатысты.

    Кездесуде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, заңнамалық өзгерістерді тәжірибеде қолдану, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау және олардың отбасына оралуына жағдай жасау мәселелері қаралды.

    Басқарманың бөлім басшысы Ш.Жүнісова қорғаншылық органдарының міндеттері мен заңнамалық өзгерістерге тоқталса, бейімдеу орталығы директорының орынбасары Қ.Туматова орталықтағы балалармен жүргізілетін жұмыстар мен оларды әлеуметтік бейімдеу шаралары туралы баяндады.

    Жиын қорытындысында жауапты органдардың өзара іс-қимылын күшейту, әрбір баланың жағдайын жеке қарастыру және олардың құқықтарын қорғау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы" жаңалықтары