Балалар қауіпсіздігі: Қызылордада ашық люктерге мониторинг жүргізілді

    Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – үнемі назарда болуға тиіс маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе, көшелер мен тұрғын үй аулаларындағы ашық қалған люктер балалардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.

    Осыған байланысты Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қызылорда қаласы аумағындағы ашық люктерді анықтау мақсатында арнайы мониторинг жүргізді.

    Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының маңындағы көшелерге, балалардың күнделікті жүріп-тұратын бағыттарына және көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ерекше назар аударылды.

    «Біздің басты мақсатымыз – балалардың, әсіресе мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал оқыс оқиғалардың алдын алу.
    Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер туралы жауапты мекемелерге хабарланып, олардың уақтылы жойылуы бақылауға алынады.
    Әрбір баланың мектепке қауіпсіз барып, үйіне аман-есен оралуы – ата-аналар үшін де, жауапты мемлекеттік органдар үшін де маңызды. Сондықтан балалардың қауіпсіздігіне әсер ететін мұндай мәселелер тұрақты назарымызда болады», – деді басқарма басшысы Ерлан Бәкіров.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы" жаңалықтары