«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бағаны тұрақтандыру тетігі аясында 2026 жылы өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыруға жергілікті бюджеттен 5,2 млрд теңге бөлінді. Азық-түлік қорын қамтамасыз ету мақсатында ӘКК жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, атап айтқанда «СХФ Пригородный» ЖШС, «Болат ЛТД» ЖШС, «Арман» ШҚ, «Туражол» ШҚ және «Жігер» ШҚ-мен қосымша келісімдер жасасты. Көкөніс өнімдерін жеткізу 2026 жылғы жаңа өнім есебінен жүзеге асырылады.
Қоғам белсенділері тұрақтандыру қорын қалыптастыруға атсалысып отырған шаруашылықтардың жұмысы көрсетіліп, егін жинау науқанының барысы туралы ақпарат берілді.
Мәселен, «Туражол» ШҚ егіс алқабы 80 гектар. Оның ішінде сәбіз бен қырыққабаттың әрқайсысына 10 гектардан жер бөлінген. Бүгінде шаруашылық шамамен 600 тонна өнім жинаған. Егін жинау жұмыстары жалғасуда, әлі де өнімнің шамамен 40%-ын жинау қажет. Ал қырыққабат жинау жұмыстары әзірге басталған жоқ.
«Арман» ШҚ егіс алқабы - 100 гектар. Бүгінгі таңда шаруашылық 3 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жинаған.
Сонымен қатар сақтау қоймаларына орналастырылған картоп, сәбіз және пияз өнімдері тексерілді. Нәтижесінде өнімдердің жақсы күйде екені, шіру белгілері байқалмағаны анықталды.
2026 жылы өңірлік тұрақтандыру қорына жеткізуге келісімшарт жасалған көкөніс өнімдерінің жалпы көлемі:
картоп – 8 614 тонна;
пияз – 1 414 тонна;
сәбіз – 2 049 тонна;
қырыққабат – 1 172 тонна.
Бұдан бөлек, ӘКК әлеуметтік маңызы бар басқа да азық-түлік тауарларының қорын қалыптастыруда. Атап айтқанда, «Белес Маркет» ЖШС-мен 20 тонна күнбағыс майын, «Ramazan Qus» ЖШС-мен 14,7 млн дана тауық жұмыртқасын, ал «Жаңа Әлжан ұн комбинаты» ЖШС-мен 7 мың тонна бірінші сұрыпты ұн жеткізу туралы келісімшарттар жасалған. Аталған ұн салмағы 550 грамм құрайтын қалыпты нан өндіруге арналған.
Бүгінгі таңда тұрақтандыру қоры аясында 286 тонна қант, 10 тонна күнбағыс майы және «Най Мир» ЖШС жеткізушісінің қоймасында 272 тонна күріш сақтаулы.
Бакалея өнімдері қазіргі уақытта әлеуметтік павильондар арқылы сатылуда. Ал жиналған көкөністерді егін жинау науқаны аяқталғаннан кейін саудаға шығару жоспарланып отыр
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









