«Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының үш тәрбиеленушісі халықаралық «Дарын» өнер байқауында жеңімпаз атанды. Олар «Көркемсөз оқу» жанры бойынша үздік нәтиже көрсетіп, Түркияда өтетін халықаралық финалға жолдама алды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Байқауда орталықтың «Еркін сөйле» үйірмесінің оқушылары өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Атап айтқанда, Болатбек Аяла бас жүлдені жеңіп алса, Сақташов Біржан мен Мұратқызы Көзайым бірінші орынды иеленді.
Байқау қорытындысы бойынша үш оқушы да Түркияда өтетін халықаралық финалға жолдама алды. Сонымен қатар олар Еуропа елдерінде, Корея мен Малайзияда ұйымдастырылатын қысқы балалар тілдік лагерлеріне қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Жеңімпаздарды байқауға «Еркін сөйле» үйірмесінің жетекшісі Бектибай Балнұр Сәлімжанқызы дайындады.
Бұл жетістік жас өнерпаздардың көркемсөз оқу шеберлігін шыңдап, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









