Еңбек қызметі туралы құжаттарды сақтау неліктен маңызды?

    Еңбек қызметі туралы құжаттарды сақтау неліктен маңызды?

    Қазақстанда зейнетақыны ресімдеу кезінде еңбек өтілін растау өте маңызды. Дәл сол себепті мына құжаттарды ұқыпты сақтау қажет:
    • еңбек кітапшасы;
    • еңбек шарттары;
    • жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтар;
    • архивтік анықтамалар;
    • егер тек (фамилия) өзгерген болса, оны өзгерту туралы құжаттар.
    Егер құжаттар жоғалса, жұмыстың жекелеген кезеңдерін растау оңайға соқпайды.
    Әсіресе 1998 жылға дейінгі жұмыс туралы құжаттарды сақтау маңызды, өйткені бұл кезеңдегі расталған өтіл жасына байланысты зейнетақы (ынтымақты зейнетақы) тағайындау кезінде ескеріледі.
    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін еңбек кітапшасы мен еңбек өтілі туралы құжаттар міндетті шарт болып табылмайды.
    Базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, соның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер ескеріле отырып тағайындалады.
    Маңызды: базалық зейнетақы үшін тек 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілі ғана емес, сонымен бірге 1998 жылдан кейінгі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі де ескеріледі.
    Сондықтан еңбек қызметі туралы құжаттарды сақтау, ал зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді мерзімді түрде тексеріп тұру қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" жаңалықтары