ТАКТИЛЬДІ ЖОЛАҚТАР МЕН МНЕМОСХЕМАЛАР – ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ
Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін ғимараттар мен қоғамдық орындарда қауіпсіз әрі өз бетінше бағдарлану мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды.
Осы мақсатта нысандарда тактильді бағыттаушы және ескерту жолақтары, мнемосхемалар мен қолжетімді ақпараттық көрсеткіштер қарастырылуы қажет.
Тактильді жолақтардың негізгі түрлері:
🔹 Бағыттаушы жолақтар – қозғалыс бағытын анықтауға және қажетті орындарға жетуге көмектеседі.
🔹 Ескерту жолақтары – баспалдақтар, биіктік айырмашылықтары, есік ойықтары және басқа да қауіпті учаскелер туралы алдын ала ескертеді.
Мнемосхемалар – ғимараттың жоспарын бедерлі түрде көрсететін, көру қабілеті бұзылған адамдарға үй-жайлардың орналасуы мен қозғалыс бағыттарын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттық құрал.
Нысандарды жабдықтау кезінде:
▪️ тактильді жолақтардың дұрыс орналасуына;
▪️ қозғалыс бағытының үздіксіздігіне;
▪️ ескерту элементтерінің қажетті жерлерде болуына;
▪️ тактильді белгілердің түсі мен еден жабыны арасындағы контрастқа;
▪️ мнемосхемалардың қолжетімді жерде орналасуына;
▪️ Брайль қарпімен берілген ақпараттың болуына назар аудару қажет.
Ескерту: тактильді жолақтардың болуы ғана жеткіліксіз. Ең бастысы – олардың дұрыс орналастырылып, қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалыс бағытын қамтамасыз етуі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









