Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібі

    Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібі
    Эпизоотиялық жағдайды бағалау негізінде әкелінетін (тасымалданатын) нысандарды экспорттауға, импорттауға және транзитке рұқсат беру қағидалары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығымен бекітілген.

    Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – қызмет алушы) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны аустырылатынәкелінетін (тасымалданатын) объектілнрдіңэкспортына, импортына рұқсат алу үшін, жоспарланған әкелінетін, тасымалданғанға дейінпортал арқылы осы Қағидадағы3-қосымшада белгіленген нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш ұсынады.

    Өтінім берілгеннен кейін порталда көрсетілген қызмет алушының «жеке кабинетінде» өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама түседі.

    тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны аустырылатынәкелінетін (тасымалданатын) объектілнрдіңэкспортына, импортына рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні, ал басқа мемлекеттердің тиісті қызметтерімен транзиттік келісім талап етілетін жағдайда – 30 (отыз) жұмыс күні.

    Рұқсат немесе дәлелді бас тарту портал арқылы қызмет алушының жеке кабинетіне қызмет көрсетушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.

    Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға себеп болған мән-жайларды жойған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметті қайта алуға өтініш бере алады.

    Егер өтінім жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс немесе мереке күндері берілсе, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Эпизоотиялық жағдайды бағалау негізінде әкелінетін (тасымалданатын) нысандарды экспорттауға рұқсат беру келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
    1. Әкелінетін (тасымалданатын) нысан шыққан (орналасқан) жердің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша сау болуы;
    2. Импорттаушы елдің ветеринариялық- санитариялық талаптарына сәйкестігі;
    3. Импорттаушы ел тарапынан әкелінетін (тасымалданатын) нысанға қатысты уақытша шектеу шараларының болмауы;
    4.Жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыз елдерге (аймақтарға) қатысты шектеу шараларының болмауы;
    5. Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасынан емесе екі жақты ветеринариялық сертификаттарда көрсетілген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі;
    6. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін бақыланатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу және (немесе) сақтау мен айналысатын ұйымдар мен тұлғалардың тіркелімінде болуы;
    7. Қазақстан Республикасының аумағында, әкелінетін немесе бақыланатын тауарлар өтетін аумақта карантиндік немесе шектеу шараларының болмауы (егер бұл тауарлар белгілі бір ауруды таратушы бола алатын жағдайда);
    8. Экспорттаушы және импорттаушы елдердің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайының қолайлы болуы.

    «ҚР АШМ ВБжәне КҚ Жангелдин

    аудандық аумақтық инспекциясы»

    тел.: 8 71439 21-8-24, 21878

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жангелдин ауданының әкімдігі" жаңалықтары