Өңірлердегі кездесу. Жетісу облысы

    1 / 10

    Бүгін Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиевтің Жетісу облысының тұрғындарымен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында өзекті экологиялық мәселелер талқыланып, азаматтардың өтініштері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесу барысында Жетісу облысында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жаңа полигондар салу мәселесі көтерілді. Вице-министр тиісті дайын жоспарларды ұсынуды тапсырды. Аталған жоспарлар алдағы уақытта қаралатын болады.

    Сондай-ақ облыста шығарындыларды автоматтандырылған бақылау жүйесін енгізу жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

    2026 жылы «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Серкесай» және «Тасбақа» экопарктері ашылып, облыс аумағында 100 мыңнан астам көшет отырғызылды.

    «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігінің арту көрсеткіштерінің бірі ретінде Жетісу облысы бойынша Экология департаментіне келіп түскен өтініштер саны және олардың орындалу барысы атап өтілді.

    Аталған бастама аясында облыста 41 экологиялық іс-шара өткізіліп, 215 мың тоннадан астам қалдық жиналған, 30 мыңнан астам аумақ тазартылып, шамамен 100 мың ағаш отырғызылған. Экологиялық акцияларға 540 мыңнан астам адам қатысқан.

    Жалпы, Жетісу облысындағы экологиялық жағдай бақылауда.

    Вице-министр сұхбат барысында өңірдегі экологиялық ахуал мен атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатынын атап өтті. Жетісу облысында экологиялық жүктемені азайту, кәсіпорындарды жаңғырту және қоршаған ортаның сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

    Іссапар барысында вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары