СҚО полицейлері қоғам өкілдерімен ұрлықтың алдын алу шараларын талқылады

    1 / 7

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде консультативті-кеңесші органның отырысы өтті. Департамент бастығы Руслан Назаровтың қатысуымен бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл және 2024–2026 жылдарға арналған тиісті ведомстволық бағдарламаның іске асырылу барысы талқыланды.

    Қылмыстық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди баяндама жасап, жыл басынан бері облыста 474 ұрлық тіркелгенін хабарлады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7%-ға аз. Ал ұрлық қылмыстарының ашылу көрсеткіші 79,8%-дан 82,3%-ға дейін өскен.

    Бүгінде мал ұрлығы мәселесі өзекті. Биыл 11 дерек тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 10 болған. Ауыл шаруашылығы жануарларының сақталуы көбіне олардың иелеріне де байланысты. Сондықтан малды қараусыз қалдырмау, қора-жайларды нығайту және малды сәйкестендіру сияқты қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

    Қосымша шаралар туралы сұраққа жауап берген Иван Терзиди ауылдық жерлерде бейнебақылау жүйелерін кеңейтудің маңызын атап өтті. Бұл — ұрлық санын азайтудың тиімді жолдарының бірі. Қазіргі уақытта облыста 51 мыңнан астам бейнекамера бар. Оның 19 мыңнан астамы СҚО ПД жедел басқару орталығына қосылған.

    Отырыс қорытындысы бойынша полиция, әкімдіктер мен тұрғындардың күш-жігерін біріктіру қажеттігі атап өтілді. Ұрлықтың алдын алу құқық қорғау органдарының жедел жұмысымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар қылмыс жасауға мүмкіндік беретін жағдайларды жою да маңызды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары