«Сарыарқа» ауданында коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдар арасында алғаш рет спартакиада өтті

    1 / 6

    Жарысқа 12 команда құрамында 180-нен астам қызметкер қатысты. Қатысушылар үстел теннисі, футбол және гір көтеруден сайысқа түсіп, күш-жігерін, төзімділігін және командалық бірлігін көрсетті.

    Жалпыкомандалық есепте «Абат-Сервис ЛТД» командасы жеңімпаз атанды.

    Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

    Үстел теннисі
    «Абат-Сервис ЛТД»
    «Астана Тазалык»
    «Жол-құрылыс» ЖШС

    Футбол
    «Абат-Сервис ЛТД»
    «Астана Тазалык»
    «Дафсан 2»

    16 кг гір көтеру
    «Elorda EcoSystems»
    «Зеленстрой»
    «Жол-құрылыс»ЖШС

    24 кг гір көтеру
    «Дафсан 2»
    «Абат-Сервис ЛТД»
    «Астана-Зеленстрой»

    32 кг гір көтеру
    «Байкат»
    «Абат-Сервис ЛТД»
    «Elorda EcoSystems»

    Спартакиада аудан аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және өзге де жұмыстарды тәулік бойы атқаратын ұйымдардың қызметкерлері арасындағы ұжымдық рухты нығайту және өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

    Көшелердің тазалығы мен қоғамдық орындардың ұқыпты болуы, тұрғындардың өмірін жайлы ету, осы қызметкерлердің күнделікті еңбегінің нәтижесі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары