Абаттануына өз еңбегімен үлес қосып жүрген М.Дулатов көшесі, 176, 178, 180 үйлерінің тұрғындарына алғыс хаттар табысталды

    1 / 3

    Республика күні қарсаңында Сарыарқа ауданында ауданның көркейіп, абаттануына өз еңбегімен үлес қосып жүрген М.Дулатов көшесі, 176, 178, 180 үйлерінің тұрғындарына алғыс хаттар табысталды.

    Олар өз күштерімен үй ауласын абаттандырып, әсем гүлзарлар жасап, шағын субұрқақ орнатқан. Осылайша, аула аумағын жайлы әрі көрікті орынға айналдырған.

    Тұрғындардың бастамасы мен ауданның көркеюіне бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымын бағалау мақсатында оларға алғыс білдіріліп, Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары