1 / 7
Қаланың тазалығы күнделікті өмірде қолданатын көшелерге, саябақтар мен аулаларға ұқыпты қараудан басталады.
«Сарыарқа» ауданында заңсыз граффитилерді жоюға бағытталған акция өтті. Оған аудан әкімінің аппаратының өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Қатысушылар қоғамдық орындардағы, саябақтар мен скверлердегі қабырғалар мен басқа да беттерді рұқсатсыз жазулардан тазартты.
Тұрғындарды ортақ мүлікке ұқыпты қарауға, көшелер мен қоғамдық кеңістіктердің тазалығына бейжай қарамауға және ауданымыздың көркеюі мен тазалығын бірге сақтауға шақырамыз.









