ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

    1 / 2

    Ақмола облысының Қосшы қаласында 28 қазан мен 1 қараша аралығында жекпе-жек спорт түрінен жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне қатысқан Түркістан облысының спортшылары табысты өнер көрсетіп, жалпы саны 11 медаль иеленді.

    Жарыста 15–17 жас санатында 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аян Айтжан, +73 келі салмақта сынға түскен Бағлан Орынбасар және 13–14 жас санатында 43 келі салмақта белдескен Назерке Жеңіс күміс медальға ие болды.

    Ал қола жүлдегерлер қатарында 13–14 жас санатында 53 келі салмақта өнер көрсеткен Азамат Қалданбек пен Кәусар Сабит, 43 келі салмақтағы Жасмина Бүтінбаева және +53 келі салмақтағы Мадина Саттарова бар.

    Сондай-ақ 15–17 жас санатында 68 келі салмақта Жасұлан Ермекбай, 73 келіде Рысдәулет Серікбай, 48 келіде Фарида Тұрсымбай және Айзере Оразалы ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары