САУРАН АУДАНЫНДА 200-ДЕН АСТАМ КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ШАМДАРЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН

    1 / 3

    Сауран ауданындағы елді мекен көшелерін жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бағытта жаңа жарықшамдар орнатылып, энергия үнемдейтін технологияларды енгізуге басымдық беріліп келеді.

    Қазіргі таңда аудандағы 12 ауылдық округтің 218 көшесі жарықтандыру шамдарымен қамтылған. Олардың жалпы ұзындығы 242,3 шақырымды құрайды. Бұл аудан көшелерінің 27 пайызына тең. Жарықтандыру жұмыстарын «Сауран жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізуде.

    Сонымен қатар Қарашық және Шорнақ ауылдық округтерінде күн энергиясымен жұмыс істейтін көше шамдары орнатылған. Мұндай технология электр энергиясын үнемдеуге және баламалы қуат көздерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

    Ауданда орнатылып жатқан жарықтандыру шамдары жергілікті өнім болып саналады. Оларды Сауран ауданында орналасқан «Dias Comp» компаниясы шығарады.

    Осылайша, көшелерді жарықтандыру жұмыстары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жергілікті өндірісті қолдауға бағытталған.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары