ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ КӘСІБИ БАҒДАР ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 4

    Бүгін Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қаржылық қауіпсіздік және кәсіби бағдар тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Басқосуға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Сабырғали Балғалиев пен университет ректоры Жанар Темірбекова қатысты.

    Кездесу барысында департамент басшысы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі, қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мекемеге қызметке қабылдау тәртібі туралы баяндады.

    Департаменттің Превенция және талдау әзірлемелері басқармасының басшысы Алтан Азамат университетпен бірлесіп әзірленген IT-жобаларды таныстырды. Сонымен қатар департамент қызметкері Гүлзия Қарсыбай студенттерге қаржылық қауіпсіздік, дропперлік әрекеттердің қауіп-қатері және олардан сақтану жолдары туралы дәріс оқыды.

    Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

    Іс-шара жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және кәсіби бағдар беруге бағытталды.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары