ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

    1 / 4

    Түркістан қаласындағы кәсіпкерлік нысандарда қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалау және өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында тиісті сала мамандарынан құралған жұмыс тобы жасақталған.

    Қала әкімінің кеңесшісі Самат Тәңірбергеновтің жетекшілігімен Төтенше жағдайлар басқармасы, газ инспекциясы және жауапты сектор мамандарының қатысуымен қала аумағында рейдтік-зерделеу жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында қауіпсіздік талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды.

    Мониторинг барысында кәсіпкерлік нысандардағы, соның ішінде мейрамханалар мен дәмханалардағы газ жабдықтарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріліп, өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуы назарға алынуда.

    Сонымен қатар кәсіпкерлерге қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, газ жабдықтарын дұрыс пайдалану және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары