Салықтарды төлеу мерзімін ұзарту және бөліп төлеу тәртібі

    Салықтарды төлеу мерзімін ұзарту және бөліп төлеу тәртібі

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 132–134-баптарына сәйкес салық төлеушілерге салықтарды, төлемдерді және өсімпұлдарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі.

    2026 жылдың басынан бері мүлік кепілімен 15 салық төлеушіге жалпы сомасы 1 055,0 млн теңгеге, ал кепілсіз 44 салық төлеушіге 116,4 млн теңге сомасына мерзімін ұзарту және бөліп төлеу ұсынылды.

    Төлеу мерзімін ұзарту 6 айға дейін, ал бөліп төлеу 36 айға дейінгі мерзімге беріледі. Жекелеген жағдайларда белгіленген талаптарды сақтай отырып, берешек сомасы 1 500 АЕК-тен аспаған кезде кепілсіз және банктік кепілдіксіз бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

    Мемлекеттік қызметті алу үшін салық төлеуші өтінішті, берешекті өтеу кестесін және мерзімін ұзарту немесе бөліп төлеу негіздерін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Өтініш мемлекеттік кірістер органдары, ХҚКО, eGov.kz порталы немесе Салық төлеушінің кабинеті арқылы беріледі.

    Өтінішті қарау мерзімі – 10 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

    Салықтарды төлеу мерзімін ұзарту және бөліп төлеу салық төлеушілерге қаржылық жүктемені азайтуға, салықтық міндеттемелерін уақтылы орындауға және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларынан сақтануға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары