Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мемлекет басшысының атынан сала ардагерлері мен қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстап, олардың ел спортының дамуына қосқан қажырлы еңбектерін атап өтті.
Салтанатты кеште Абай облысының спорт ардагері Қуаныш Әбекбаев министрдің қолынан
«Еңбек ардагері» төсбелгісін иеленді.
Қуаныш Әбекбаевты лайықты марапатымен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









