Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Абай облысында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында спорттық, қоғамдық ұйымдардың қызметін тиімді мемлекеттік басқару мен үйлестіруді қамтамасыз ету.
Жаңалықтар
Ашу«Абай Салбурыны – 2026»
АшуСемейде Павлодар облысының тартуы – үстел теннисі орталығы бой көтеруде
АшуҚазақстан спортына сіңірген еңбегі еленді!
АшуАягөз ауданындағы Қопа ауылында жаңа спорт кешені ашылды
АшуАбай облысының кикбоксингшілері әлем чемпионатында жеңіспен оралды
АшуБіздің жерлесіміз Марат Караканов - дзюдодан ардагерлер арасында әлем чемпионы!
Оқиғалар
Шахматтан Абай облысының ерлер мен әйелдер арасындағы чемпионаты
Астана күні
ALAKOL RUN бұқаралық жүгіру жарысы
Балалар, жасөспірімдер, юниорлар және жастар арасында Каратэ Шинкиокушинкайдан Абай облысының кубогы
Футболдан 2013-2014ж.т. жасөспірімдер арасында Абай облысының ашық чемпионаты
Сұрақ-жауап
Өңірдегі алдағы спорттық іс-шаралар туралы ақпаратты қалай алуға болады?
Аймақтағы алдағы спорттық іс-шаралар туралы ақпаратты: Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында. Әлеуметтік желілердегі ресми басқару беттеріне жазылу арқылы. Инстаграм : Abai Sport Baskarmasy Инстаграм : Abai Buqara Sport Жауапты маман:Нұржанова Салтанат Нұржанқызы, әкімшілік-құқықтық кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы
Облыста бұқаралық спортты насихаттау үшін қандай шаралар қабылдануда?
Абай облысында бұқаралық спортты насихаттау үшін келесі шаралар жүзеге асырылуда: Әртүрлі жас санаттары үшін бұқаралық спорттық іс-шаралар мен жарыстарды ұйымдастыру. Ақпараттық науқандар және салауатты өмір салтын насихаттау. Спорт нысандарын салу мен жаңғыртуды қоса алғанда, спорттық инфрақұрылымды дамыту. Халықты тұрақты спортпен шұғылдануға тартуға бағытталған бастамалар мен жобаларды қолдау. Жауапты маман: Джунусов Нурлан Молдагалиевич, бұқаралық спорт бөлімінің басшысы
Жас спортшылар үшін қандай қолдау бағдарламалары бар?
Абай облысында жас спортшылар үшін келесі қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда: Талантты спортшыларға арналған стипендиялар мен гранттар бағдарламалары. Жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысу үшін қолдау көрсету. Тренерлер мен спортшылардың біліктілігін арттыру үшін семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру. Спорттық мүкәммалмен және жабдықтарды сатып алуға қолдау көрсету. Абай облысының спортшыларын, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамаларының құрамындағы спортшыларды, олардың жаттықтырушыларын, сондай-ақ облыс спортшыларын, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамаларының құрамындағы спортшыларды (командалық спорт түрлері бойынша) және олардың жаттықтырушылары мен клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жәрдемақы мөлшерлерін бекіту туралы. Жауапты маман: Маратов Марлен Маратұлы, Дене шынықтыру, жоғарғы спорт жетістіктері және спорттық резерві бөлімінің басшысы
Спорттық секцияға немесе үйірмеге қалай жазылуға болады?
Спорттық секцияға немесе үйірмеге жазылу үшін: Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтына кіріп, басты жаңалықтардан көруге болады. Қызықтыратын спорттық мекемеге тікелей хабарласып, кесте мен жазылу шарттары туралы толық ақпарат алу. Спорттық секцияға немесе үйірмеге қатысу үшін өтінішті мекемеге жазу немесе egov.kz сайты арқылы қажетті құжаттарды өткізу. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: 1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш; 2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар оқуға түсушінің туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін); 4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 027/у нысандағы таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы); 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мүгедектік туралы анықтама (бұдан әрі – мүгедектік туралы анықтама); порталға: 1) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының немесе заңды өкілінің) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/у нысан бойынша таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтамасының электрондық көшірмесі; 3) мүгедектік туралы анықтаманың электрондық көшірмесі. Жауапты маман: Маратов Марлен Маратұлы, Дене шынықтыру, жоғарғы спорт жетістіктері және спорттық резерві бөлімінің басшысы
Құжаттар
Е-өтініш 3 тоқсан
2026 жылдың 3-тоқсанында Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоса алғанда, 27 өтініш келіп түсті. Өтініштердің негізгі бөлігін: -спортшылардың ата-аналары – 7%; -жаттықтырушылар – 7%; -спорт федерацияларының өкілдері – 11%; -коммерциялық ұсыныстармен жүгінген заңды тұлғалар – 60%; -өзге де өтініш берушілер – 15% құрады. Көрсетілген кезеңде басқармада азаматтарды қабылдау бойынша 2 қабылдау өткізіліп, оның аясында 2 азамат қабылданды.
Е-өтініш 2 тоқсан
2026 жылдың 2-тоқсанында Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоса алғанда, 41 өтініш келіп түсті. Өтініштердің негізгі бөлігін: -спортшылардың ата-аналары – 5%; -жаттықтырушылар – 9%; -спорт федерацияларының өкілдері – 15%; -коммерциялық ұсыныстармен жүгінген заңды тұлғалар – 51%; -өзге де өтініш берушілер – 20% құрады. Көрсетілген кезеңде басқармада азаматтарды қабылдау бойынша 3 кездесу өткізіліп, оның аясында 3 азамат қабылданды.