Спорттық секцияға немесе үйірмеге қалай жазылуға болады?

    ·
    Сұрақ

    Спорттық секцияға немесе үйірмеге қалай жазылуға болады?

    Жауап

    Спорттық секцияға немесе үйірмеге жазылу үшін:

    • Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтына кіріп, басты жаңалықтардан көруге болады.
    • Қызықтыратын спорттық мекемеге тікелей хабарласып, кесте мен жазылу шарттары туралы толық ақпарат алу.
    • Спорттық секцияға немесе үйірмеге қатысу үшін өтінішті мекемеге жазу немесе egov.kz сайты арқылы қажетті құжаттарды өткізу.

    Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:

    • 1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш;
    • 2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар оқуға түсушінің туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
    • 3) ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
    • 4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 027/у нысандағы таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы);
    • 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына
    • (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мүгедектік туралы анықтама (бұдан әрі – мүгедектік туралы анықтама);
      порталға:
    • 1) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының немесе заңды өкілінің) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
    • 2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/у нысан бойынша таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтамасының электрондық көшірмесі;
    • 3) мүгедектік туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.

    Жауапты маман: Маратов Марлен Маратұлы, Дене шынықтыру, жоғарғы спорт жетістіктері және спорттық резерві бөлімінің басшысы

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Өңірдегі алдағы спорттық іс-шаралар туралы ақпаратты қалай алуға болады?

    Жауап

    Аймақтағы алдағы спорттық іс-шаралар туралы ақпаратты: Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында. Әлеуметтік желілердегі ресми басқару беттеріне жазылу арқылы. Инстаграм: Abai Sport Baskarmasy Инстаграм: Abai Buqara Sport Жауапты маман:Нұржанова Салтан...

    ·
    Сұрақ

    Облыста бұқаралық спортты насихаттау үшін қандай шаралар қабылдануда?

    Жауап

    Абай облысында бұқаралық спортты насихаттау үшін келесі шаралар жүзеге асырылуда: Әртүрлі жас санаттары үшін бұқаралық спорттық іс-шаралар мен жарыстарды ұйымдастыру. Ақпараттық науқандар және салауатты өмір салтын насихаттау. Спорт нысандарын салу мен жаңғыртуды қоса алғанда, сп...

    ·
    Сұрақ

    Жас спортшылар үшін қандай қолдау бағдарламалары бар?

    Жауап

    Абай облысында жас спортшылар үшін келесі қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда: Талантты спортшыларға арналған стипендиялар мен гранттар бағдарламалары. Жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысу үшін қолдау көрсету. Тренерлер мен спортшылардың біліктілігін арттыру үшін семинарлар...

    ·