2026 жылдың 3-тоқсанында Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоса алғанда, 27 өтініш келіп түсті.
Өтініштердің негізгі бөлігін:
-спортшылардың ата-аналары – 7%;
-жаттықтырушылар – 7%;
-спорт федерацияларының өкілдері – 11%;
-коммерциялық ұсыныстармен жүгінген заңды тұлғалар – 60%;
-өзге де өтініш берушілер – 15% құрады.
Көрсетілген кезеңде басқармада азаматтарды қабылдау бойынша 2 қабылдау өткізіліп, оның аясында 2 азамат қабылданды.