Аягөз ауданындағы Қопа ауылында жаңа спорт кешені ашылды


    Абай облысының Аягөз ауданына қарасты Қопа ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Нысан KAZ Minerals тобының, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының және мемлекеттің қолдауымен салынды.

    Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, KAZ Minerals Management компаниясының басқарма төрағасы Айжан Балабатырова және ауыл тұрғындары қатысты.
    Жалпы аумағы 1 320 шаршы метр болатын заманауи кешенде дзюдо, қазақ күресі, футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі және басқа да спорт түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған.

    Жаңа нысан ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануына, балалар мен жастардың қабілетін дамытуға және түрлі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары