Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балалардыжеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібі мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 5 қарашадағы № 11-9шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25185 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Үйде оқытуғажұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылыуәкілетті органға осы Шығындарды өтеу қағидаларының 3- қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.».
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 11-9 «Ғабит Мүсірепов атындағы аудандамүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
аудан мәслихаты шешімінің жобасына
түсіндірме жазба
р/б |
Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші атқарушы органның ақпараты |
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері |
«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығы |
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және онын қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Жобаны іске асыру бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді |
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) озге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ыкпалы |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік және/немесе экономикалық салдарға әкеп соқпайды |
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері |
Мақсаты - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру Мерзімі-тұрақты. |
6 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
Қажет емес |
7 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Сәйкес келеді |
8 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері |
Қажет емес |
«Ғабит Мүсірепов атындағы аудандамүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған өндіріп алу тәртібін жәнемөлшерін айқындау туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 11-9 мәслихат шешімінің жобасына өзгеріс енгізу туралы» Ғабит Мүсірепов атындағыаудан мәслихаты шешімінің жобасына
САЛЫСТЫРУ КЕСТЕСІ
№р/б |
Құрылымдық элемент |
Бұрынғы редакция |
Жаңа редакция |
Негізі |
Ғабит Мүсірепов атындағы аудандамүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балалардыжеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алутәртібі және мөлшері | ||||
1. |
6 -тармақ |
6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді. Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады. |
6. Үйде оқытуғажұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы уәкілетті органға осы Шығындарды өтеу қағидаларының 3- қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді. |
«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы |
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





