Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай

    1 / 3

    29 қазанда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда Қазақстан Республикасындағыхалықтыәлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Аудан әкімінің орынбасары Б. А. Сапанов сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың еңбегінің, мейірімділігінің және қарт адамдарға, мүгедектігі бар бар адамдарға, балаларға және қолдауға мұқтаж отбасыларға қамқорлығының маңыздылығын атап өтті.

    Іс-шара барысында қызметкерлерді адал еңбегі мен әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б. Қ. Әмрина да құттықтау сөздерін айтып, мамандарға кәсібилігі, шыдамдылығы және адалдығы үшін алғысын білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ" жаңалықтары