«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ
Жалпы ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек пен жәрдемақыларды тағайындау, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатын іске асыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізеді.
Ауданымызда халықты жұмыспен қамтудың әлеуметтік бағдарламалары, мүгедектігі бар адамдарды оңалту және кедейшілік деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған басқа да шаралар сәтті жүзеге асырылуда.