Өнеркәсіп атауларына қазақша балама табылды: «Сөзжасам» жобасының қорытынды дөңгелек үстелі өтті

    1 / 7

    Бүгін, 30 қазанда Қарағанды облысында «Сөзжасам» жобасының қорытынды дөңгелек үстелі өтті.

    Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың сәуір айында өңірде басталған бұл жоба қазақ тілінің ғылыми-технологиялық, инженерлік-инновациялық әлеуетін дамытуға, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға бағытталған.

    📌 Жобаның негізгі мақсаты: қазақ тілінің ғылыми-технологиялық, инженерлік-инновациялық әлеуетін дамыту; өнеркәсіп саласында сапалы аудармасы табылмаған сөздердің қазақша сауатты баламасын табу, жүйелеу; қазақ тілінің лингвистикалық әлеуетін дамытып, қолданыс аясын кеңейту.

    📌 Міндеті: сөзжасам арқылы қазақ тілінің сөздік қорын молайту, өндірістік, ғылыми-техникалық, ІТ салалары және т.б. бойынша жаңа терминдер түзу.

    Жоба аясында жоғары білімді филолог мамандар, лингвистер, филология және педагогика ғылымдарының профессорлары, докторлары, кандидаттары, магистрлер, сондай-ақ тіл тақырыбын көтеріп жүрген тілшілер, білікті журналистер мен блогерлерден сарапшылар тобы құрылды. «Өнеркәсіптегі бір күн» іс-шарасы аясында олар зауыттарға, өнеркәсіп орындарына, шахталар мен кен орындарына барып, жұмыскерлермен, кеншілермен, сала зейнеткерлерімен кездесіп, аударылмай жүрген сөздер мен құрылғы, қондырғы атауларының қазақша баламасын іздестірді.

    Лингвистикалық экспедициялардан кейін жаңа сөздер жұмыс тобының отырысында талқыланып, сарапшылық сүзгіден өтіп, бекітілді. Оларды кеңінен тарату үшін тақырыптық бейнероликтер әзірленіп, БАҚ пен әлеуметтік желіде материалдар жарияланды.

    Дөңгелек үстел Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Шалабаеваның алғы сөзімен ашылды. Спикерлер:

    🔹 Сыздық Болат, Лингвистика және құқықтық терминология орталығының бас ғылыми қызметкері, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор;

    🔹 Нұрбол Бахтыбаев, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Пайдалы кен орындарын қазып өндіру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

    🔹 Алия Аменова, ҚарИУ «Металлургия және материалтану» кафедрасының аға оқытушысы, PhD;

    🔹 🔹 Айсұлтан Мұхамедиярұлы, тілші;

    🔹 Алмагүл Игенова, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының директоры.

    ✅ Сарапшылар тобының ұсынымдары негізінде әзірленген терминдер тізімі Республикалық терминология комиссиясының (Терминком) сайтына ұсынылады.

    #Сөзжасам #қазақтілі #Қарағанды #тілдердідамытубасқармасы #терминком #дөңгелекүстел

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары